
Ләйлә Сұлтанқызының анасы Ұлтусын Әбдиева жыл сайынғы Журналистерге арналған «Үркер» сыйлығын жеңіп алды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Бүгінгі марапаттау рәсімінде Ләйлә Сұлтанқызының анасымен бірге жүргізетін LStories подкасты «Жылдың үздік подкасты» номинациясын жеңіп алды.
«Бір жағынан қуанып, бір жағынан ұялып тұрмын. Қызым алыста Оксфорд университетіне кеткен. Көптеген жақсы отбасылармен танысып, жақсы жандармен жүздесіп, жақсы ақпар алып, оларды біз көрсеттік. Қазақ өзі үлкенді сыйлап, отбасын сақтаған халықпыз. Жастап отбасын сақтаңыздар, балаларды қорғаңыздар», – деді Ұлтусын Әбдиева.
Бұл подкасттан бөлек, өзге де журналистер бүгін марапатқа ие болды. Айта кететін болсақ:
- Ең үздік жаңалықтар порталы – «Адырна» ұлттық порталы;
- Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал – Тамара Вааль («Власть» интернет басылымы);
- Ең үздік өңірлік БАҚ – «Астана ақшамы» газеті;
- Жылдың үздік журналистік зерттеуі – Майра Ерғали («Атырау» газеті);
- Жылдың үздік сұқбаты – Бауыржан Кәріпов («QAZ365» агенттігі);
- Радиостанциядағы үздік жоба – «Шалқар» радиосы;
- Жылдың үздік суреті – Игорь Бургандинов («Казахстанская правда» газеті);
- Жылдың үздік подкасты – «LS stories» подкасты;
- Жылдың үздік YouTube-арнасы – «Эксперты КЗ» арнасы;
- Жылдың үздік репортажы – Иван Сухаруков (TengriNews);
- Жылдың үздік аналитикалық материалы – Илья Пащенко («Казахстанкая правда» газеті);
- Еңбек адамы жылына байланысты арнайы жүлде – «Zakon.kz» порталы;
- «Үркер-2025» арнайы сыйлығы – «Казахстанская правда» газеті, «ҚазАқпарат» агенттігі.