Кипрлік компания «Лукойлдың» шетелдік активтерін сатып алудан бас тартты

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Лукойл мұнай
«Лукойлдың» / фото: shutterstock

Халықаралық Gunvor компаниясы «Лукойлдың» шетелдік активтерін сатып алмайтын болды. Бұл туралы компания ресми түрде X әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

Мәлімдемеде Gunvor өз қызметі мен иелері туралы әрқашан ашық ақпарат беріп келгенін және соңғы он жылдан астам Ресеймен байланысын үзіп келе жатқанын атап өтті. Компания санкция талаптарына сәйкес ресейлік активтерін сатқанын және Украинадағы соғысты жария түрде айыптағанын айтты.

«Gunvor әрдайым ашық жұмыс істеп келеді, Ресеймен байланысты азайтып, санкцияларды қатаң сақтап отыр. Осыған байланысты біз «Лукойлдың» шетелдік активтерін сатып алу туралы ұсынысымызды кері қайтарып алдық», – делінген ресми хабарламада.

Бұл мәлімдеме АҚШ Қаржы министрлігінің Gunvor туралы жариялаған мәлімдемесінен кейін жасалды. Министрлік өз хабарламасында:

«Президент Трамп соғыстың дереу тоқтауын талап етті. Путин соғысты жалғастырып жатқанда, Кремльдің марионеткасы саналатын Gunvor ешқашан лицензия да, табыс алу мүмкіндігі жоқ», – деп жазған болатын.

Gunvor өз кезегінде АҚШ Қаржы министрлігінің бұл мәлімдемесін «негізсіз және жалған» деп бағалады.

Бған дейін АҚШ пен Ұлыбритания санкциясына ұшыраған «Лукойл» компаниясы Gunvor Group Ltd-мен өз шетелдік активтерін сату жөнінде келісімге келгенін хабарлаған.

Сондай-ақ оқыңыз