Өзбекстан АҚШ экономикасына 100 млрд доллар инвестиция салады

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Фото: Ақ үйден

АҚШ президенті Дональд Трамп Америка мен Өзбекстан арасындағы «керемет сауда-экономикалық келісім» туралы хабарлады.

Трамптың айтуынша, алдағы үш жылда Өзбекстан АҚШ-қа шамамен 35 млрд долларға инвестиция салады. Ал 10 жыл ішінде оның көлем 100 млрд доллардан аспақшы.

Серіктестік негізінен стратегиялық минералдар, авиация, автобөлшектер, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, энергетика, химия және IT салалары деген бағытта жүреді

«Мен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиевке үлкен алғысымды білдіремін. Екі ел арасында ұзаққа созылған, табысты қарым-қатынас орнайды деп күтеміз», – деп жазды Трамп әлеуметтік желіде.

Екі ел президенті  Орталық Азия – АҚШ форматындағы саммит аясында кездескен. Өзбекстан басшысы Трампты ішкі және сыртқы саясаттағы жоғары жетістіктерімен шын жүректен құттықтады. Оның халықаралық және аймақтық даулы мәселелерді бейбіт жолмен шешуге қосқан жеке үлесі мен еңбегі ерекше атап өтті. Келіссөз соңында Өзбекстан президенті АҚШ басшысын елге ресми сапармен келуге шақырды.

Оның алдында олар 25 қыркүйекте БҰҰ Бас ассамблеясының саммиті кезінде жолыққан.

Осы жылы күзде өзбектің Uzbekistan Airways әуе компаниясы америкалық Boeing компаниясымен 22 Boeing 787 Dreamliner ұшағын сатып алу жөнінде келісімге отырды. Келісім құны 8 млрд доллардан асты.

Сондай-ақ оқыңыз