OpenAI, NVIDIA, Boeing, John Deere: елге қандай америкалық компаниялар келеді

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Казахстан и США
Фото: Shutterstock

Тоқаевтың АҚШ-қа сапары барысында жалпы құны 17 млрд доллар болатын 30 шақты құжатқа қол қойылды. «Қазақпарат» келісімдерге қатысқан қазақстандық және америкалық компаниялардың тізімін ұсынады.

Әуелі Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Groq, Inc. компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Құжатқа Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев пен Groq компаниясының бас директоры әрі негізін қалаушы Джонатан Росс қол қойды.

 DDH (Солтүстік Америка) Inc. компаниясының президенті (GDA Group құрамына кіреді) Анкит Джоши мен Alatau City Bank акционері Вячеслав Ким арасында 300 млн доллар көлеміндегі меморандум жасалды.

Сондай-ақ Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, америкалық Joby Aero, Inc. компаниясы, Alatau Advance Air Group Ltd. және кәсіпкер Вячеслав Ким арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа сәйкес, Алатау жаңа қаласында әуетакси жүйесін құру үшін шамамен 300 млн доллар көлемінде eVTOL электрлік ұшақтарын сатып алу жоспарланып отыр.

Анкит Джоши және Вячеслав Ким / фото: Рүстем Қожыбаев

Бұдан бөлек, Air Astana әуе компаниясы мен Boeing компаниясы алыс бағыттарға арналған әуе флотының жаңарту үшін 18 дана Boeing 787-9 ұшағын сатып алуға келісті. Құжатқа «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов және Boeing компаниясының сату жөніндегі вице-президенті Пол Риги қол қойды.

«Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясының басшысы Нариман Абсаметов пен Cove Capital – Cove Kaz Capital Group LLC инвестициялық компаниясының басқарушы серіктесі Пини Альтхаус Қарағанды облысындағы Солтүстік Катпар мен Жоғарғы Қайрақты вольфрам кен орындарын бірлесіп игеру туралы келісімге қол қойды. Жобаның инвестициялық көлемі шамамен 1,1 млрд долларды құрайды.

Сондай-ақ Freedom Holding Corp. бас директоры Тимур Турлов пен NVIDIA компаниясының жасанды интеллект саласындағы жаһандық бастамалар жөніндегі вице-президенті Калиста Редмонд арасында шамамен 2 млрд долларлық серіктестік туралы меморандумға қол қойылды.

фото: Рүстем Қожыбаев

Бұдан бөлек, білім және ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған бірқатар құжаттарға да қол қойылды. Олардың қатарында Arizona State UniversityColorado School of MinesCourseraOpenAIFreedom Group Inc. және өзге де серіктестермен жасалған келісімдер бар. Бұл жобалардың жалпы құны шамамен – 50 млн доллар

1Thirty Holding (AsiaColor) және BCIU арасында АҚШ-та тік интеграцияланған химия кешенін құру жобасын іске асыру жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Жобаның жалпы инвестиция көлемі шамамен – 130 млн доллар.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Beeline Kazakhstan компаниясы Starlink жүйесінің Direct to Cell технологиясын енгізу туралы меморандумға қол қойды. Бұл технология абоненттерге қосымша құрылғыларсыз шалғай аймақтарда да байланыста болуға мүмкіндік береді.

фото: Рүстем Қожыбаев

Индустрия және құрылыс министрлігі«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі«АгромашХолдинг KZ» АҚEurasia Group AG және John Deere компаниялары арасында 2,5 млрд АҚШ доллары көлеміндегі өнеркәсіптік кооперацияны дамыту жөніндегі стратегиялық келісім жасалды.

Құжатқа сәйкес, Қостанай мен Түркістан қалаларындағы «АгромашХолдинг KZ» базасында John Deere ауыл шаруашылығы техникасының кемінде 3000 бірлігі шығарылады, үш сервистік орталық салынады, кадр даярлау жүйесі жолға қойылады және Қазақстан John Deere техникасының қосалқы бөлшектері бойынша ТМД елдеріне арналған өңірлік хаб мәртебесіне ие болады.

6 қарашадан 7 қарашаға қараған түні АҚШ-та Тоқаев бастаған делегацияның Ақ үйдегі келіссөздері өтті. Президент АҚШ Конгресі Өкілдер палатасы мүшелерімен кездесу өткізді. Одан әрі «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысты

Сондай-ақ оқыңыз