Павлодар облысында автобус аударылып, бір адам қаза тапты

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Павлодар облысында автобус аударылып, бір адам қаза тапты / Фото: Павлодар полициясы

Павлодар облысында жолаушылар автобусы кюветке аударылды, деп хабарлады аймақтың полиция департаменті. Апат салдарынан бір адам қаза тауып, тағы алтауы түрлі дәрежедегі жарақаттар алды.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, 7 қарашада Шідерті кентінен 10 шақырым жерде орналасқан «Павлодар-Қызылорда» автожолында автобус жүргізушісі көлікті кюветке аударып жіберген», — деп хабарлады ПД.

Полиция қылмыстық іс қозғап, апат фактісі бойынша тергеуді бастады, оның барысында болған оқиғаның себептері анықталады.

Осыған дейін Шығыс Қазақстан облысында жүк көлігімен жеңіл көлік соқтығысып, бес адам қайтыс болып, бір адам зардап шеккенін жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз