
Павлодарда салынып жатқан ғимарат құлап, соның салдарынан бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық құтқару қызметіне сілтеме жасап.
Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының мәліметінше, оқиға туралы хабар 7 қарашада сағат 17:04-те келіп түскен. Оқиға Қазправда мен Мақатаев көшелерінің қиылысында болған. Бұл жерге бірнеше жедел жәрдем бригадалары мен апатты медицинасы орталығының мамандары жіберілді.
Бір адам үйінділердің астында қалғаны белгілі. Тағы екі адам орташа жарақат алып, №1 қалалық ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы нақтыланады.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің өңірлік департаментінде құлау фактісі расталды, алайда ТЖ нақты не салынғанын және қандай жағдайда болғанын нақтыламады. Қосымша ақпарат кейінірек айтылады.