Павлодарда салынып жатқан мектеп қирағаннан кейін қылмыстық іс қозғалды

Павлодарда салынып жатқан мектепте құрылыс конструкциялары қирағаннан кейін жаңа ақпар пайда болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, үйінділердің астында 1967 жылы туған ер адам болуы мүмкін. Зардап шеккен екі адам ауруханаға жатқызылды.
Павлодар облысының полиция департаменті оқиға фактісі бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің «құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғады.
«Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бойынша тергеу жүргізілуде», – деп толықтырды өңірлік полиция.
Оқиға орнында жедел штаб, өңірлік ТЖД күштері үйінді арасында қалған азаматты шығаруға тырысуда. Оны іздеу үшін адам денесінің жылуын сезетін арнайы құрылғылар қолданылуда.
Оқиға «Казахстанская правда» көшесіндегі құрылыс алаңында болған. ТЖ департаментіне еден плитасының құлағаны туралы хабарлама келіп түсті.