Алатау мен Алматыда әуе такси жүйесі пайда болады

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Фото: cnet.com

Қазақстан Алатау және Алматы қалалары үшін америкалық Joby Aero компаниясымен жалпы құны 300 млн доллар болатын eVTOL электрлік әуе таксилерін сатып алу жөнінде меморандумға қол қойды. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі хабарлады.

Тік ұшып-қонатын әуе көліктері қалалық әуе мобильдігі жобасының құрамдас бөлігі болмақ. Жоба аясында сынақ алаңы құрылып, аэротакси қызметі Алатау мен Алматының көлік жүйесіне біріктіріледі.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев бұл бастаманы «ақылды қалаларды» дамытуға бағытталған маңызды қадам деп бағалады.

«Қазақстан инновациялық көліктің жаңа дәуіріне қадам басуда. Электрлі eVTOL ұшақтарын сатып алу – смарт қалалар мен заманауи технологияларды енгізу жолындағы маңызды кезең. Бұл бастама Алатауды болашақтың жоғары технологиялы және бірегей қаласы ретінде қалыптастыруға серпін береді», –  деді Мәдиев.

Joby Aero, Inc. (АҚШ) – eVTOL авиациясы саласындағы әлемдік көшбасшы, электрлі әуе таксилерін сертификаттау және өндірумен айналысатын америкалық компания.

Айта кетейік, бұған дейін елге қандай америкалық компаниялар келетіні жайлы жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз