Жаңалықтар

Қазақстан банктеріндегі депозиттер 45,7 трлн теңгеге жетті

Депозиттер 45,7 трлн теңгеге жеткен / Фото: shutterstock, бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев

2025 жылғы 1 қазанындағы жағдай бойынша Қазақстанның банк секторында 23 екінші деңгейлі банк жұмыс істейді. Олардың 15-і шетелдік үлесі бар банктер, оның ішінде 10-ы еншілес банктер.

Ranking жазуынша, осы күні екінші деңгейлі банктердегі жалпы депозит көлемі рекордтық 45,7 трлн теңгеге жетіп, бір айда 2,2%-ға артқан. Өсім негізінен елдің ең ірі банктері есебінен қамтамасыз етілген: алғашқы он қаржы институты бүкіл сектордың депозиттік базасының 90%-ын құрайды.

ForteBank депозит көлемін ең жоғары деңгейде ұлғайтқан банк атанды. Онда депозит 7,8%-ға өсіп, 3,4 трлн теңгеге жетті. Банк жеке тұлғаларға бірнеше түрдегі салым ұсынады:

  • икемді депозит (ақшаны алу және толықтыру мүмкіндігімен) – жылдық тиімді сыйақы ставкасы (ЖТСМ) 15,6%-ға дейін;
  • жинақ депозиті (ақша шешіп алу мүмкіндігінсіз) –  ЖТСМ 18,4%-ға дейін.

Заңды тұлғалар үшін келесі өнімдер қолжетімді:

  • Forte Comfort (қосымша жарналар мен ішінара алу мүмкіндігі бар) – ЖТСМ 17,23%-ға дейін;
  • Forte Capital (қосымша жарналар мен ішінара алу мүмкіндігі жоқ) – ЖТСМ 18,1%-ға дейін;
  • өзгермелі сыйақы мөлшерлемесі бар депозит – ЖТСМ 18,39%-ға дейін.

Депозиттік өсім бойынша екінші орында Bank RBK тұр. Ол +7,1%, 1,6 трлн теңгеге дейін жеткен. Үздік үштікте Alatau City Bank бар. Онда өсім – 4%.
Бес көшбасшы қатарына сондай-ақ Halyk Bank (+3,7 пайыз) және Freedom Bank (+3,1 пайыз) бар.