
Әлемге әйгілі әншілер Shakira мен Beyonce Қазақстанға қашан келеді. Бұл туралы Әсел Қожақова сұқбат берген «Астана концерт» продюсері Мәлік Хасенов айтып берді.
Хасеновтің айтуынша, Қазақстанға әлем танымал 13 әртіс келуі мүмкін. Олардың арасында Eminem, Shakira мен Beyonce бар. Алайда бұл әншілердің Қазақстанға келуіне бір кедергі лайықты концерт залының болмауы.
«60 мыңнан көп адам жиналатын концерт алаңы болуы керек. Біздің елде қазір ондай мүмкіндік жоқ. Алматыдағы Республика алаңына өткізуге болар еді, бірақ ол жерде де біраз қиындық туындайды. Сондықтан алдағы уақытта Алматыда салынуы тиіс стадионды асыға күтеміз», – деді Хасенов.
Оның айтуынша, стандион дайын болса, Қазақстанға әлемге әйгілі әншілерді алып келу әлдеқайда жеңіл болады.
Айта кетейік, осыған дейін Дженнифер Лопес пен Backstreet Boys концерттерін Қазақстанда ұйымдастырған Альфия Нұрғұмарова енді елге әйгілі рэпер Eminem-ді (Маршалл Мэтерсті) әкелуді ойлап отырғанын жазған едік.