
АҚШ үкіметі мен Eli Lilly және Novo Nordisk компаниялары көпшілік арасында танымал препараттардың бағасын түсіру туралы келісімге келді. Бұл Medicare және Medicaid мемлекеттік бағдарламаларының аясында жүзеге асты.
Келісімге сәйкес, әйгілі Ozempic, Wegovy, Mounjaro және Zepbound препараттарының бағасы айына 250 долларға дейін төмендейді. Бұған дейін бұл препараттар 500-1000 доллар аралығында сатылатын.
Қазір АҚШ-тағы науқастар рецепт бойынша берілетін дәрілерге әлемдегі ең жоғары баға төлейді, тіпті кейде дамыған елдерге қарағанда шамамен үш есе көп. Осыған байланысты Дональд Трамп дәрі өндіруші компанияларға, соның ішінде Lilly мен Novo-ға, дәрі бағасын басқа елдер деңгейіне дейін төмендету жөнінде қысым жасап отыр.
Тізімдегі Ozempic препараты Қазақстанда да қолданылады. Оның халықаралық атауы – cемаглутид. Негізінен 2-типті қант диабеті мен семіздікті емдеуге арналған дәрі. Терінің астына егуге арналған сұйықтық түрінде шығарылады.
Көпшілігі оны арықтау препараты ретінде де пайдаланады. Бірақ ішпес бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесу керек.