Жаңалықтар

Нью-Йоркті басып озған Дубай байларға қолайлы қала атанды

Дубай байларға қолайлы қала
Фото: shutterstock

Әлемнің бай адамдары үшін Дубайдан артық қолайлы қала жоқ. Savills ірі 30 шаһардың рейтингін жариялап, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі қалаға осындай сипаттама берді. Мегаполис Нью-Йорктің өзін басып озды.

Әмірлік дәулетті адамдарды өзіне тартып жатыр. Дубайда салық жеңілдіктері көп. Жылжымайтын мүлік нарығын зерттеумен айналысатын Savills қала қауіпсіздігіне, инфрақұрылымның даму деңгейіне назар аударған.

Мегаполиске адамдар көптеп көшіп келіп жатқандықтан, халықаралық мектептерде кезекте тұрғандар жетерлік. Дубайда білім беру мекемелері көп.

Рейтингте Нью-Йорк екінші орында қалды. Ал үшінші орында Сингапур тұр. Одан кейінгі орындарға Гонконг пен Абу-Даби қалалары орналасты. Отыз шаһардың ішінде ТМД елдеріндегі қалалар жоқ.

2024 жылы әлемде миллионерлер саны 680 мыңға артты. 2029 жылға қарай бұл тізімге тағы 5 млн адам қосылады деген болжам бар.