Илон Маск Tesla компаниясынан 1 трлн доллар бонус алады

Tesla акционерлері компанияның бас директоры Илон Маскіге 1 трлн доллар сыйақы төлеуге келісті. Дауысқа салу нәтижесі акционерлер жиналысында жарияланды. 75%-дан астамы бонус төлеуді қолдап дауыс берді.
2025 жылғы қыркүйекте Tesla директорлар кеңесі Маскіге шамамен 1 трлн доллар сыйақы беру туралы ұсыныс жасады. Жоспарға сәйкес, миллиардер автокомпания акцияларының 25%-ына ие болады. Қазір оның қолында құнды қағаздардың шамамен 13%-ы бар.
Сыйақыны толық алу үшін Маск он жылдың ішінде бірнеше мақсатты орындауға тиіс. Миллиардер компанияның нарықтағы құнын кем дегенде 8,5 трлн долларға жеткізіп, робот-такси өндірісін жолға қоюы қажет. Екі ай бұрын кеңес миллиардер осы мақсатты орындамаса, ешқандай бонус алмайды деген талап қойған.
Акционерлер жиналысы қарсаңында басшылықтағылардың бәрі үлкен көлемде сыйақы төлеуді қолдап отырмағаны мәлім болған. Мәселен, Норвег мемлекеттік әл-ауқат қоры ұсынысқа қарсы шыққан. Tesla акцияларының 1,2%-ы осы қорға тиесілі.
Дегенмен әлемнің ең бай адамы басшылық мүшелерінің басым бөлігін өз жағына шығара алғанын көріп отырмыз. Енді ол көздеген мақсатқа жету үшін аянбай еңбек етуі тиіс. Маск робот-такси өндірісін дамытып қана қоймай, роботтар армиясын да құрғысы келеді.