
«ҚазТранОйл» (ҚТО) директорлар кеңесіне жаңадан қосылған Дастан Абдулғафаровқа 24 млн теңге сыйақы белгіленді. Бұған қоса, ол әрбір отырысқа қатысқаны үшін қосымша 240 мың теңге алып отырады.
Компания акционерлерінің жалпы жиналысында қабылданған шешім Қазақстан қор биржасында (KASE) жарияланды.
Қазір ҚТО-ның директорлар кеңесінің құрамында алты адам бар. Олар:
- Болат Зәкіров;
- Әмір Бозжігітов;
- Арман Қасенов;
- Нұрлан Аханзарипов;
- Қайнар Кожумов;
- Дастан Абдулғапаров.
Осыған дейін директорлар кеңесі бес адамнан тұратын. Енді оған Дастан Абдулғапаров қосылып отыр. Осылайша компания топ-менеджерлері ғана емес, оларға төленетін сыйақы көлемі де артты.
Бұған дейін Kursiv.Media ҚТО 2024 жылы топ-менеджерлерге жарты млрд теңгеге жуық сыйақы төлегенін жазған. Компания былтыр 41,6 млрд теңге табыс тапқан.
«ҚазТрансОйл» компаниясы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына тиесілі. Ал ҚМГ «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына еншіліс компания.