
Сыртқы істер министрлігі (СІМ) Қазақстанның Авраам келісімдеріне қосылуына байланысты мәлімдеме жариялады.
«Бұл маңызды шешім тек Қазақстан мүддесі үшін қабылданды және республиканың теңгерімді, сындарлы, бейбіт сыртқы саясатының сипатына толық сәйкес келеді. Авраам келісімдеріне қосылу еліміздің барлық мүдделі мемлекеттермен ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етеді, яғни Қазақстанның стратегиялық мақсаттарына толық сәйкес», – делінген шақым мәлімдемеде.
Бұған қоса СІМ Қазақстанның сыртқы саясаттағы ұстанымын тағы бір мәрте қайталап өтті.
«Қазақстан әрдайым Таяу Шығыстағы қақтығыстың халықаралық құқық нормаларына, БҰҰ тиісті қарарларына және «екі халық үшін екі мемлекет» қағидаты негізінде әділ, жан-жақты әрі орнықты реттелуін қолдайды».
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның Ибраһим (Авраам) келісіміне қосылғаны 6 қарашада президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ президенті Дональд Трамптың Ақ үйдегі кездесуі кезінде ресми түрде жарияланды. Олар Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті.
Авраам немесе Ибраһим келісімі – Израиль мен араб елдері арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға арналған келіссөздер. Бейбіт келісім 2020 жылғы күзде Израиль, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн және Марокко арасында жасалды. Осындай бастаманың жүзеге асуына Трамп әкімшілігі күш салды.