Lifestyle

Zeekr X 2026: жаңартылған модель қалай өзгерді

Фото: Zeekr 

Қытайда 2026 жылы нарыққа шығатын жаңартылған Zeekr X кроссовері таныстырылды. Автокөлік үш түрлі жинақтамада ұсынылған, бағасы 155 800-ден 175 800 юаньға дейін (11,1–12,6 млн теңге аралығында).

Zeekr X бұл 2023 жылдан бастап шығарылып келе жатқан шағын кроссовер. Автокөлік Zeekr брендіне тән корпоративтік стильде жасалған. 2026 жылғы нұсқасы да сыртқы келбеті жағынан бұрынғы базалық модельден айтарлықтай ерекшеленбейді. Тек шанақтың ашық жасыл жаңа түсі пайда болды.

Фото: Zeekr 

Габариттері: ұзындығы – 4 450 мм, ені – 1 836 мм, биіктігі – 1 572 мм. Доңғалақ базасы – 2 750 мм.

Жаңа Zeekr X салоны

Салонында да біраз өзгерістер бар. Енді орталық тоннельде смартфондарды сымсыз қуаттау жүйесі, ұсақ-түйек салуға арналған ұяшық және зат салуға арналған бөлігі бар шынтақ тірегі орналасқан. Бұл бөлік салқындату және жылыту функцияларымен жабдықталған. Сонымен қатар, ішкі әрлеу материалдарының сапасы жақсарған.

Фото: Zeekr 

Қалған функциялары өзгеріссіз қалған. Мультируль мен виртуалды аспаптар панелі орналасқан. Рульде физикалық батырмалармен қатар сенсорлы басқару элементтері де бар. Олар рульдің орталық бөлігінің төменгі жағындағы арнайы панельге орнатылған.

Көліктің бүкіл функциялары 14,6 дюймдік мультимедиа жүйесінің орталық экраны арқылы басқарылады. Бұл экран оң және солға жылжиды.

Фото: Zeekr 

Жетек жүйесі

Zeekr X толығымен электрлі кроссовер. Ол Sustainable Experience Architecture 2 (SEA2) платформасында жасалған. Бұл платформа Lynk & Co Z20, Volvo EX30, Smart #1 және Smart #3 модельдерімен ортақ.

2026 жылғы жаңартылған Zeekr X-тің басты жаңалықтарының бірі, барлық нұсқаларда орнатылатын артқы электр қозғалтқышының қуаты 272 а.к.-ден 340 а.к.-ге дейін артты. Ал толық жетекпен жабдықталған модельдің жалпы қуаты 496 а.к.-ке жетеді. Мұндай нұсқа 100 км/сағ жылдамдыққа небәрі 3,69 секундта жетеді.

Фото: Zeekr

Болжам

Zeekr X-тің 2026 жылғы жаңартылған нұсқасы алдыңғы модельге қарағанда аса танымал бола қоймайтын сияқты. Себебі бұл – толыққанды модернизация немесе ауқымды фейслифт емес, тек көліктің өзектілігін сақтап тұруға бағытталған.

Бағасы

Zeekr X-тің Қазақстандағы бағасы 16 млн 190 000 теңге төңірегінде болады.

Еске салсақ, осыған дейін Zeekr он минут ішінде 80% қуат алатын жаңа 7X шығарған еді.