Жаңалықтар

Қазақстан Ресей-Украина келіссөзіне алаң ұсынуға дайын – Тоқаев

Қазақстан Ресей-Украина келіссөзі үшін алаң ұсынуға дайын/фото: Ақорда

Қазақстан Ресей мен Украина арасында келіссөзге алаң ұсынуға дайын. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев New York Times басылымына берген сұхбатында айтты.

New York Times хабарлауынша, Қазақстан Ресеймен жақын одақтас болса да, Тоқаев Украинадағы соғысқа қатысты бейтарап позицияны сақтауға тырысып келеді.

«Тоқаев мырза Украинада атысты тоқтату «мүмкін» деп санайтынын және келіссөзді өз аумағында өткізуге дайын екенін айтты», – деп жазды басылым.

Айта кетейік, Тоқаев Вашингтон қаласына барды. Сапар барысында Қазақстанның Авраам келісіміне қосылғаны ресми түрде жарияланды.