Қырғызстанда кезектен тыс парламент сайлауына 467 кандидат тіркелді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Парламент сайлауына 467 кандидат тіркелді/фото: shutterstock

Қырғызстанда Жогорку Кенешке кезектен тыс сайлауда көпмандатты сайлау округтері бойынша депутаттыққа кандидаттарды тіркеу аяқталды.

Қырғыз Республикасының Орталық сайлау және референдум өткізу комиссиясының хабарлауынша, барлығы 467 кандидат тіркелді. Ішінде 276 ер адам және 191 әйел бар.

Үгіт-насихат науқаны 10 қараша басталады.

Айта кетейік, Қырғызстанда Жогорку Кенеш депутаттарын кезектен тыс сайлау 2025 жылдың 30 қарашасы өтеді.

Қазақстанда жүрген қырғыз азаматтары сайлауға қатыса алады. Олар үшін елде 7 сайлау учаскесі ашылады.

Сайлау учаскесі Алматы, Астана, Қарағанды, Атырау, Шымкент және Тараз қаласында жұмыс істейді. Жалпы шекара сыртындағы қырғыздар үшін өзге елдерден 90-ға жуық сайлау учаскесін ашу жоспарланған.

Сондай-ақ оқыңыз