Тараздағы фосфор зауытында химиялық заттан өрт шықты
Жарияланды

Тараз маңындағы фосфор зауытында химиялық зат өртенді. Бұл туралы өңірдің төтенше жағдайлар қызметі хабарлады.
Сары фосфор қоймасында затты тасымалдауға арналған ыдысқа құю кезінде химиялық зат төгілеген. Содан кейін от тұтанып, түтін шыққан.
Жамбыл облысының ТЖД хабарлауынша, зауыт қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
Өрт кәсіпорын қызметкерлері күшімен тез арада сөндірілді. Құтқарушылардың мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.
«Ақпарат экология департаментіне және тиісті органдарға белгіленген тәртіппен шара қабылдау үшін берілді», – деп хабарлады ТЖД.
Құтқарушылар оқиғаның мән-жайын анықтау үшін оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.