Жаңалықтар

Елена Рыбакина 2,7 млрд теңге ұтып алуы мүмкін

Рыбакина WTA қорытынды турнирінің финалына шықты / Фото: Қазақстан Олимпиада комитеті

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирі финалында жеңіске жетсе, 5,235 миллиона доллар алады. Бұл шамамен 2,7 млрд теңге.

Топтық кезеңде Елена үш матчта жеңіске жетті. Алдымен америкалық теннисші Аманда Анисимованы (әлемнің 4-ракеткасы), польшалық Ига Швентекті (2-орын) және ресейлік Екатерина Александрованы (10-орын) жеңді.

Содан кейін жартылай финалда Рыбакина америкалық теннисші америкалық Джессика Пегуланы (5-орын) ұтты. Осылайша төрт жеңіске жеткені үшін Елена Рыбакина 2 695 000 доллар сыйақы ұтып алды.

WTA қорытынды турнирі Эр-Рияд-та (Сауд Арабиясы) өтіп жатыр. Елена финалда Беларусь теннисшісі – әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкомен бақ сынайды.