Рыбакина WTA қорытынды турнирінің финалына шықты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Эр‑Риядта өтіп жатқан WTA қорытынды турнирінің жартылай финалында америкалық Джессика Пегуланы жеңді.
Кездесуде отандасымыз тамаша камбэк жасап, қорытынды есеп 4:6, 6:4, 6:3 болды. Ойын 2 сағат 5 минутқа созылды.
Ойын қорытындысынан кейін Рыбакина журналистер алдына шығып сұқбат берді.
«Мен әр ұтыс ойынына мән беруге тырыстым. Сондай-ақ агрессивті ойнадым, бұл маған жеңіске жетуге мүмкіндік берді деп ойлаймын», – деді теннисші.
Рыбакинаның финалдағы қарсыласы Арина Соболенкомен (Беларусь) – Аманда Анисимовамен (АҚШ) кездесуінде жеңімпаз болады.
WTA қорытынды турнирі Эр-Рияд-та (Сауд Арабиясы) өтеді. Жүлде қоры – 15,5 миллион доллар.
Айта кетейік, осыған дейін отандық теннисшінің 25 қазанда денсаулығына байланысты Токиодағы турнирді жалғастырудан бас тартқанын жазған едік. Қазан айында ол Қытайдың Нингбо қаласында өткен жарыста жеңіске жеткен. Бұған қоса, Рыбакина WTA рейтингінде алтыншы сатыға көтерілген.