Астанада құлаған кондиционерден зардап шеккен екі фельдшердің жағдайы ауыр
Жарияланды

Астанада 8 қарашада тоғыз қабатты тұрғын үйдің қасбетіндегі кірпіш қаптамасы мен кондиционер қондырғысының бір бөлігі құлады. Оқиға орнында 5 адам жарақат алған. Зардап шеккендердің бәрі 8 қараша күні №1 көпсалалы ауруханаға жеткізілді.
Қала әкімдігінің хабарлауынша, зардап шеккендердің екеуі – фельдшер. Олар еңбек міндетін орындап жатқан кезде жарақат алған.
Қазір бір фельдшер жансақтау бөлімінде, жағдайы өте ауыр. Ал екінші фельдшер нейрохирургия бөлімінде, жағдайы орташа. Қалған үш науқас бейінді бөлімшеде ем алып жатыр.
Оқиға ресми түрде өндірістік жарақат ретінде тіркеліп, қалалық полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, мемлекеттік еңбек инспекторы да істі бақылауға алған.