Солтүстік Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Жарияланды
(жаңартылды )

Солтүстік Қазақстан облысында қатты жауын-шашын мен ауыр жүк көліктері қозғалысы салдарынан «Тимирязев – Сарыкөл – Қостанай облыс шекарасы» автожолының 0-30 шақырым аралығында жол жамылғысы бүлінді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлайды.
Осыған байланысты 2025 жылғы 9 қараша сағат 11:00-ден бастап аталған учаскеде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Сол себепті көліктің барлық түрінің қозғалысына уақытша шектеу қойылды.
Қостанай қаласынан Тимирязев ауданына қатынау үшін жүргізушілерге мына республикалық маңызы бар балама жолдарды пайдалану ұсынылады:
- KAZ03 «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай (айналма жол) – РФ шекарасы (Қайрақ өткізу пункті)», 553–768 км аралығы;
- KAZ13 «Жезқазған – Арқалық – Петропавловск», 673–786 км аралығы;
- KZ15-05 «Волошинка – Сергеевка – Тимирязев», 56–119 км аралығы.
Жол қозғалысын 2025 жылғы 11 қараша сағат 11:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.
Бұған дейін Павлодар облысында көлік қозғалысы шектелген.