Тоқаев Рыбакинаны ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Елена Рыбакина «Барыс» орденімен марапатталды/фото: ktf

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев теннисші Елена Рыбакинаны Эр-Риядта өткен WTA қорытынды турниріндегі жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Қазақстандық және әлемдік теннис спортының тарихындағы осынау айтулы жетістігіңізбен шын жүректен құттықтаймын және ризашылығымды білдіремін.

Дүбірлі додадағы жеңісіңізді, теннистің дамуына қосқан үлесіңізді және аталған спортты елімізде насихаттауға сіңірген еңбегіңізді ескере отырып, Сізді ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойдым», – деді Тоқаев.

Сондай-ақ президент Рыбакинаға зор денсаулық, бақ-береке және Қазақстан Республикасының даңқын асыратын жаңа жетістіктер тіледі.

Сондай-ақ оқыңыз