Жаңалықтар

Жауын мен қар: 10 қарашаға ауа райы болжамы жарияланды

Дауыл мен көктайғақ – 22 қаңтарға ауа райы болжамы
Фото: shutterstock

«Қазгидромет» 10 қарашаға ауа райы болжамын жариялады. Көптеген өңірде жауын-шашын болады, елдің шығысында қар жауады.

Солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда көктайғақ пен бұрқасын болуы мүмкін. Кей өңірлерде тұман түсіп, жел күшейеді.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Онтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы 0-2 градус жылы.

Астанада күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан күшін  9-14, екпіні 15-20 м/с. болатын жел соғады. Ауа температурасы 0-2 градус аяз.

Ақтау мен Атырауда аздаған бұлт шығып, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 2-7 м/с. Ауа температурасы 4-6 жылы болмақ.

Ақтөбеде жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 4-9 м/с. болып, 3-5 градус жылы болады.

Өскеменде күн бұлтты, қар жауады. Жел батыстан соғады, күші 9-14 м/с. Ауа температурасы 5-7° аяз болады. Семейде ауа температурасы – 5-7 градус болмақ.

Қарағандыда жаңбыр, қар жауып көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 9-14 м/с. Түнде температура -3-5 градус, аяз.

Петропавл қаласында күн бұлтты болады. Түнде қар жауып, жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады. Тұман түседі. Желдің бағыты солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде – 8…–10 °C, күндіз –3…–5 °C аяз болады.

Қостанайда күн бұлтты, жауын-шашын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 9-14 м/с.  Ауа температурасы 1-3 градус жылы.

Елдің оңтүстік облыстарында кұн бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші  8-13 м/с. Ауа температурасы 1-3 градус болады

9 қараша ауа райының қолайсыздығынан Павлодар облысында жол қозғалысы шектелген.