
Белгілі қытайлық әлеуметтік желі жұлдызы TaotaoAima Қазақстанға келіп, табиғатта түскен бейне жазбаларымен бөлісті.
Блогердің әлеуметтік желідегі жазбаларына сүйенсек, ол Маңғыстау облысы мен Алматы маңында болған. Маңғыстаудан ол Бозжырада бүркіт ұстап түскен видеосымен бөлісті.
Ал Алматы маңынан тауға шығып, қазақша киім киіп, садақ атып, бүркіт ұстап тұрған бейнежазбаны жария етті.
Айта кетейік TaotaoAima-ның инстаграм желісінде 2 миллионнан астам, Tiktok-та 1,5 миллионнан көп және Youtube-те 600 мың жазылушысы бар. Ол осыған дейінде Көшпенділер мәдениетіне қызығушылық танытып, Қазақстанға қатысты көптеген бейнежазбалар түсіріп, жариялап келген. Ол өз бейнежазбаларына негізінен қазақ әндерін қолданады.