
Луина деген лақап атпен танымал әнші Луиза Обуховаға Қырғызстанның мәдени үздігі деген атақ берілді. Бұл жайлы ол өзінің әлеуметтік желісінде жариялады.
Луина Қырғызстанға барып, белгілі ақыны Жұммамудұн Шералиевтің 110 жылдығына арналған концертте ән салған.
«Осы жерде маған «Қырғызстан Республикасының мәдени үздігі» атағын берді. Бұл әртіс ретінде де, осы жерді ерекше жақсы көретін адам ретінде де үлкен жауапкершілік және құрмет. Сондай-ақ Жұммамудұн Шералиев атындағы қор мен отбасынан медаль алдым. Бұл сәтті ұзақ уақытқа есіме сақтаймын», – деп жазды ол.
Бұған дейін танымал әнші, мәдениет қайраткері Тамара Асар «Қазақстанның халық әртісі» атағын алғанын жазған едік. Одан бөлек Болат Әбділманов, Меруерт Өтекешова, Айтқали Жайымов, Шынар Жанысбекова тәрізді өнер майталмандары да биыл «халық әртісі» атағына ие болды.