Алматыда жаңа сквер ашылды

Алматыда Назарбаев даңғылының батыс бөлігінде, Ганди көшесінің солтүстігінде ресми түрде жаңа сквер ашылды. Алматыда Назарбаев даңғылының батыс бөлігінде, Ганди көшесінің солтүстігінде ресми түрде жаңа сквер ашылды.
Сквер аумағына 10 мың шаршы метрден астам жүргіншілер жолы төселді. Демалыс аймақтары жасақталып, 77 орындық және 52 қоқыс жәшігі қойылды. Барлығы 425 ағаш отырғызылды.
«Сквердің ерекшелігі – жасанды тоған. Қыс мезгілінде ол сырғанақ айдыны ретінде пайдаланылатын болады. Бұл қала тұрғындары мен қонақтарына жыл бойы белсенді демалысқа мүмкіндік береді», – деп хабарлайды Алматы әкімдігінен.
Мамандардың айтуынша, көркейтуде климаттық жағдайларға бейімделген материалдар және экологиялық шешімдер қолданылған.
Айта кетейік, 28 желтоқсанда Алматыда жаңа жылдық костюммен жүгіру жарысы өтеді. Конкурс 28 желтоқсанда Алатау ауданындағы Almaty Arena кешені маңында болады.