
АҚШ Сенаты процедуралық дауыс беру барысында шатдаунды тоқтатуға және үкіметтің ішінара тоқтап тұрған жұмысын қайта жандандыруға мүмкіндік беретін заң жобасын мақұлдады. Құжатты 60 сенатор қолдап, 40-ы қарсы шыққан, деп хабарлады CNN.
Құжат енді Өкілдер палатасына қайтарылады, кейін оған АҚШ президенті Дональд Трамп қол қояды. Сарапшылардың айтуынша, бұл процесс бірнеше күнге созылуы ықтимал.
Келісімге сегіз демократ-центрист сенатор мен Сенаттағы республикалық жетекшілер және Ақ үй қол жеткізген. Олар үкімет жұмысын қайта жандандыруға және кейін қолжетімді медициналық сақтандыруға субсидияларды ұзарту мәселесін дауысқа шығаруға уағдаласқан. Бұған дейін Трамп «шатдаунның аяқталуы жақын» екенін мәлімдеген еді.
Finmentor.kz телеграм-арнасының мәліметінше, әлемдік қор нарықтары 40 күнге созылған шатдаунның аяқталатынына байланысты үмітпен өсіп келеді.
- S&P 500 фьючерстері +0,7 пайыз, Nasdaq 100 +1,2 пайыз
- MSCI Asia Pacific +0,5 пайыз, көшбасшы – Оңтүстік Корея
- АҚШ-тың 10 жылдық облигацияларының кірістілігі – 4,13пайыз
- Иена долларға қатысты 0,4 пайыз әлсіреді
ФРЖ және нарық реакциясы - Сенат шектеулі шығындар пакетін талқылауға дайындалып жатыр. Бұл үкімет агенттіктерінің жұмысын қалпына келтіруі мүмкін.
- Үкімет жұмысының жандануы инвесторларға инфляция және жұмыспен қамту бойынша ресми деректерге қайта қол жеткізуге мүмкіндік бермек.
- AT Global Markets мәліметінше, бұл желтоқсандағы пайыздық мөлшерлемені төмендету мүмкіндігіне сенімділікті арттырады.
- Сонымен қатар Nasdaq 100 сәуірден бергі ең нашар апталық нәтижесін көрсетті – оған технологиялық сектордағы құлдырау әсер еткен.
Ірі компаниялар жаңалықтары
- Pfizer семіздікке қарсы дәрі жасайтын Metsera Inc. стартапын 10 млрд долларға сатып алды.
- Nvidia басшысы TSMC-ден чип жеткізілімін ұлғайтуын сұрады.
- Visa мен Mastercard сауда желілерімен 20 жылдық дауды реттеуге жақын.
- Olympus құрылымын оңтайландырып, акциялары 2019 жылдан бергі ең жоғары деңгейге жетті.
- GoTo Gojek акциялары (+9,8 пайыз) – Danantara қоры Grab және GoTo бірігуіне қатысуы мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-тағы шатдаун мерзімі жаңа рекорд орнатқанын жазған едік.