Жаңалықтар

Аудиторлар «Қазақтелеком» мен «Қазпоштаны» тексереді

Тоқаев Смайылов
Токаев Смаилов
Аудиторлар «Қазақтелеком» мен «Қазпоштаны» тексереді / Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловпен кездесті, деп хабарлайды Kursiv.Media.

«Қасым-Жомарт Тоқаевқа ведомствоның биылғы тоғыз айдағы қызметінің есебі және 2026 жылға арналған жоспары таныстырылды»,-делінген Ақорда хабарламасында.

Әлихан Смайылов 2025 жылы аталған мемлекеттік аудиторлар 32 трлн теңге сомасына қаражатты қамтыған 18 ірі тексеру жүргізгенін хабарлады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,8 трлн теңгеге жоғары.

Президентке мемлекет бюджетіне 112 млрд теңге қайтарылғаны баяндалды. Анықталған кемшіліктерді жою үшін Үкіметке және тексерілетін ұйымдарға 96 ұсыным және орындауға міндетті 800-ге жуық нұсқама жіберілген. Сонымен қатар, аудит қорытындысы бойынша 42 материал құқық қорғау органдарына жіберілген.

Баяндама барысында аудиторлар жұмысын цифрландыру аясында аудиторлық қызметтің барлық кезеңдерін автоматтандыруға мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық жүйе енгізілгені атап өтілді.

2026 жылға экономиканың негізгі салаларын қамтитын 40-қа жуық аудит жүргізу жоспарланған. Олардың қатарында отандық фармацевтикалық өнім өндірушілерді қолдау, инвестициялар тарту, жол инфрақұрылымын дамыту, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазпошта» АҚ, ІІМ ҚАЖК қызметі, сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық саясат және басқа да бағыттар мәселелері бар.