Жаңалықтар

Елена Рыбакина әлемдік рейтингте бесінші орынға көтерілді

Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - 1111-5-1024x576.jpg Елена Рыбакина с блеском выиграла Итоговый турнир года WTA в Эр-Рияде
Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 5-орынға көтерілді / фото: WTA

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) Эр-Риядта өткен маусымның қорытынды турнирінен кейін, жаңартылған әлемдік рейтиңін жариялады.

Жаңа тізімге сәйкес, үздік үштік өзгеріссіз қалды:

  1. Арина Соболенко (Беларусь)
  2. Ига Швентек (Польша)
  3. Кори Гауфф (АҚШ)

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина рейтингте бір саты жоғары көтеріліп, алтыншы орыннан бесінші орынға жайғасты.

Рыбакина бұл жарыста барлық қарсыласын сенімді түрде жеңіп, бес матчтың бәрінде үздік нәтиже көрсетті. Финалда рейтинг көшбасшысы Арина Соболенконы айқын басымдықпен ұтып, маусымды жарқын жеңіспен аяқтады.

Қазақстанның тағы бір теннисшісі Юлия Путинцева өз орнын сақтап, әлемдік рейтингтің 73-сатысында қалды.

Ал жұптық рейтингте ел намысын қорғап жүрген Анна Данилина екі саты төмендеп, 15-орынға түсті. Юлия Путинцева бір позиция жоғалтып 106-орынға, ал Жібек Құламбаева екі саты жоғары көтеріліп, 130-орынға тұрақтады.

Жұптық рейтингтің көшбасшылары қатарында чех теннисшісі Катержина Синякова мен америкалық Тейлор Таунсенд, ал үшінші орынды италиялық Сара Эррани мен Жасмин Паолини бөлісіп тұр.