
Хасан Қасымбаевтың әйелі өзін-өзі өртейтінін айтты. Талғар аудандық сотында Хасан Қасымбаевтың ісі бойынша сот аяқталуға жақын.
NEGE ақпаратына қарағанда, бүгін сотта айыпталушылар соңғы сөздерін айтады.
Хасан Қасымбаевтың туыстарының пікірінше, «прокурор дәлелсіз 15 жыл сұрап отыр».
«Мен о бастан айтып жатырмын, күйеуімнің еш кінәсі жоқ. Оны үйде үш балам күтіп отыр. Осыдан әділ шешім шығармаса, осы жерде өзімді өртеймін», – деді Х.Қасымбаевтың әйелі Зүлфия Қасымбаева.
Хасанның туыстары соттан «әділдікті« «талап етті.
«Біз соған дейін барамыз. Осы жерде адам өлімі болады. Мен өзімді құрбандық жасаймын. Әділдік керек. Осыншама жұрт Хасан үшін келмес еді», – деді Хасанның анасы Гүлнәр Нуракимова.
Айта кететін жайт, мемлекеттік айыптаушы Ерлан Құланбаев Қасымбаевты 15 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады.
Қасымбаевтан бөлек, тағы 5 адам айыпталған. Олар – Руслан Әлиев, Мадияр Қалымжанов, Сайлау Ақтанов, Нұрмұхаммет Сұлтанбеков, Данияр Асқаров. Сотталушыларға адам ұрлау және бұзақылық әрекеттерін жасағаны үшін айып тағылған болатын.