ЕуроОдақ Ресейге қарсы кезекті санкциялар пакетін әзірлеуге кірісті

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Еуропа елдері Ресейге қарсы тағы да санкция салмақ / Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Еуропа Одағы Ресейге қарсы санкцияның 20-пакетін әзірлеуге кірісті. Бұл туралы Литва Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Литваның қаржы министрі Криступас Вайтекунас атап өткендей, қысым тек Ресейге ғана емес, сонымен бірге Белоруссияға да бағытталуы ықтимал. Оның айтуынша, «Белоруссия тарапы үнемі гибридті шабуыл жасап отыр», сондықтан бұл елге қатысты шектеулерді Ресейге қарсы қолданыстағы санкциялармен сәйкестендіріп, қосымша шаралар қабылдау қажет.

«Қазан айының соңында ЕО деңгейінде 19-пакет санкциялар мақұлданды. Алайда Ресейдің энергетика және қаржы секторына қысымды күшейту маңызды. Сол себепті келесі санкция пакетін байыпты талқылауды бастауымыз керек», — деді литвалық министр.

23 қазанда ЕО Ресейге қарсы 19-пакет санкция енгізген. Соған сәйкес 2027 жылдан бастап сұйытылған табиғи газ импортын тоқтату, көлеңкелі флоттың 117 кемесіне шектеу қою және ресейлік дипломаттардың ЕуроОдақ аумағында жүруіне қатысты жаңа ережелер бекітілді.

Politico басылымының дерегінше, жаңа аясында ЕО Ресейден әкелінетін темір мен болатқа, бейорганикалық химикат пен калий тыңайтқыштарына кеден баж салығын енгізуді жоспарланып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз