Николя Саркози түрмеде: прокуратура сот бақылауымен босатуды сұрады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Николя Саркози. фото: REUTERS, бильд-редактор: Адэлина Мамедова
Николя Саркози. фото: REUTERS, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози Ливиядан заңсыз қаржыландыру ісі бойынша кінәлі деп танылды.

Le Monde ақпаратына қарағанда, ол 21 қазаннан бері Париждегі Ла-Санте түрмесінде отыр. Оны босату туралы өтініш сәрсенбі күні Париж апелляциялық сотында қаралады. Шешім сағат 13:30-да жарияланады деп күтілуде.

10 қарашада Париж апелляциялық соты президенттік кампанияны Ливия қаржыландырғаны жөніндегі іске байланысты қамауға алынған Саркозиді босату туралы өтінішті қарады. Прокуратура оны сот бақылауымен босатуды сұрады.

«Куәгерлерге қысым көрсету мен сөз байласу қаупі бар. Сондықтан сот бақылауын қолдану орынды», — деді бас прокурор Дамьен Брюне.

Соттың шешімі дүйсенбі күні сағат 13:30-да жарияланады деп хабарланды.

70 жастағы Николя Саркози президенттік сайлауалды кампаниясын Ливия қаржыландырды деген айып бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылып, дереу қамауға алынған болатын. Бұл оқиға – Франция тарихында бұрынғы президенттің тұтқындалуымен байланысты тұңғыш жағдай. Қоғамда үлкен дау тудырды.

Саркози өз үкімімен келіспей, апелляцияға берді.

Мұның алдында Францияның экс-президенті Саркозидің сотталғаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз