Павлодар облысында бастауыш сынып оқушылары үйден оқиды

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Үсік жүреді: 5 қарашаға ауа райы болжамы / Фото: коллаж kursiv.media
Павлодар облысында бастауыш сынып оқушылары үйден оқиды / Фото: коллаж kursiv.media

Павлодар облысында бірінші ауысымда бірінші сыныптан төртінші сыныпқа дейінгі оқушылар қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды өңірдің білім басқармасы.

«11 қарашада Павлодар облысының барлық мектептерінде мектепалды топтар мен бірінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушыларының сабақтары ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылады (температура 0-5 °С, жел 15-20 м/с, көктайғақ)», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, барлық мектептерде оқушыларды тасымалдау да тоқтатылды.

Осыған дейін еліміздегі ауа райы болжамын жария еткен едік.

Сондай-ақ оқыңыз