
Павлодар облысында бірінші ауысымда бірінші сыныптан төртінші сыныпқа дейінгі оқушылар қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды өңірдің білім басқармасы.
«11 қарашада Павлодар облысының барлық мектептерінде мектепалды топтар мен бірінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушыларының сабақтары ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылады (температура 0-5 °С, жел 15-20 м/с, көктайғақ)», – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, барлық мектептерде оқушыларды тасымалдау да тоқтатылды.
Осыған дейін еліміздегі ауа райы болжамын жария еткен едік.