Қайрат Әділгерейге Лондон полициясы 400 фунт стерлинг айыппұл салды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қайрат Әділгерейге қоқыс жәшігіне темекі тұқылын тастамағаны үшін жаза қолданған / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов
Қайрат Әділгерейге қоқыс жәшігіне темекі тұқылын тастамағаны үшін жаза қолданған / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қайрат Әділгерейге Лондон полициясы 400 фунт стерлинг айыппұл салды. Оған актердің темекі тұқылын құтыға салуы түрткі болған.

Бұл туралы әнші әрі актердің жары Бақыт Тұрман әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы хабарлады.

«Таңғы астан кейін шытырман оқиғамыз басталып кетті. Әдеттегідей, мына кісінің кесірінен. Таңғы асымызды ішіп, сыртқа шығып тұрсақ, бір полиция қызметкері жақындап келді», – дейді Бақыт Тұрман.

Оның айтуынша, ол Қайраттан төлқұжатын сұраған. Таңғы асқа кірер кезде, темекі тартқанын, бірақ қоқыс жәшігін пайдаланбағанын алға тартқан. Сөйтсе, актер темекі тұқылын қоқыс салатын құтыға емес, бір стақанға сала салған.

«Соған 400 фунт стерлинг айыппұл салды. Бұл – 280 мың теңге. Он төрт күннің ішінде төлесең, 250 фунт стерлинг төлейді екенсің. Дүкенге кірсек, бір ауған жігіті «айыппұлды төлемеуді, еліне қайтқандардан сұрамайтынын» айтты. Хабарлама жіберіп, өздері шаршап қоятындарын жеткізді. Темекінің кесірі!» – дейді әнші.

Мұның алдында Қайрат Әділгерей мен Қанат Әлжаппаровтың сахнада тосын жайтқа тап келгені туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз