Lifestyle

Қайрат Нұртас тағы концерт бермекші

Қайрат Нұртас көлік сыйласа, Нұртас Айдарбек байғазы берді / фото: KursivMedia мұрағаты
Қайрат Нұртас тағы концерт бермекші / фото: KursivMedia мұрағаты

Қайрат Нұртас Алматыдан кейін Астанада да гала-концерт бермекші. Бұл жайлы инстаграм парақшасында жариялады.

«Астана. XX.XX.2026. Кездескенше! «, – деп жазды ол әлеуметтік желісінде.

Концерттің әлі нақты қай уақытта болатыны белгісіз.

Әнші 31 қазанда Алматыдағы Орталық стадионда үлкен концерт өткізген еді. Сахнада Қайратпен бірге «Ирина Қайратовна»Ninty One топтары, сонымен бірге Nazima ән салды. Ал қызы Алау әкесімен бірге би биледі.