Қуғын-сүргін туралы заң ұсынған қырғыз депутаттары Ресейге кіре алмайды

Қырғызстан парламентінің үш депутатына Ресей аумағына кіруге тыйым салынды. Олар саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы заң жобасын Жоғорку Кеңешке ұсынған.
Жанар Ақаев, Мирлан Самыйқожо және Шолпон Сұлтанбекова Ресейге кіруге тыйым салғаны туралы мәліметті Sosedi Asia телеграм-арнасы таратты.
«Себеп – өңірде русофобия тарату, сонымен бірге тарихты бұрмалауға бағытталған нақты заң жобасын ұсыну», – делінген телеграм-арна мәліметінде.
Қырғыз баспасөзі саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы заң жобасын Жоғарку Кеңеш бір жыл бұрын қабылданғанын жазды. Құжат 1918-1953 жылдар аралығында саяси және діни көзқарасы үшін қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарды ақтауды көздейді.
Қырғызстан президенті заң жобасының бастапқы нұсқасын кері қайтарған. Содан кейін депутаттар құжатты бірауыздан қабылдаған.
Ресми мәлімет бойынша, көрші республикада 18 мың адам саяси қуғын-сүргін құрбаны болған.