Қырғызстанда үгіт-насихат науқаны басталды

Бүгін Қырғызстанда Жогорку Кенеш депутаттарының мерзімінен бұрын өтетін сайлауының үгіт-насихат кезеңі басталды.
24 kg ақпаратына қарағанда, бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлаған.
Үгіт науқаны 10 қарашадан – 29 қарашаға дейін 20 күнге созылады. Заңға сәйкес, дауыс беру күніне бір күн қалғанда, яғни «тыныштық күні» тоқтатылады.
ОСК мәліметінше, сайлауға 467 кандидат тіркеліп отыр. Олардың 276-сы – ер адам, 191-і – әйел. Бүгіннен бастап кандидаттар кездесу, митингі, пікірталас өткізіп, БАҚ пен интернетте материал жариялауға, өздеріне немесе қарсыластарына дауыс беруге шақыруға құқылы.
Әлеуметтік желілер бұл оқиғаға дереу жауап берді. Әлемуеттік желі ұранға, уәдеге және бірдей өңделген фотосуретке толып кетті.
Заң бойынша мемлекеттік қызметкерлерге, дін өкілдері мен шетел азаматтарына үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынады.
Сайлауалды науқан 29 қараша күні сағат 8:00-де аяқталады. Содан кейін бір тәулік ақпараттық тыныштық кезеңі басталады.