Қытайда «Шәкәрім» орталығы ашылды

Жарияланды 10 Қараша 2025 10:00

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
Қытай Шәкәрім орталығы
фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Қытайдың Сиань Цзяотун университеті (Xi’an Jiaotong University) жанынан «Шәкәрім» мәдени зерттеулер орталығы ашылды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

Орталықтың негізгі міндеті – Қазақстанның тарихы мен мәдениетін, соның ішінде Шәкәрім мұрасын терең зерделеу, қазақ мәдениетін Қытайда кеңінен таныстыру, екі ел арасындағы мәдени және ғылыми байланыстарды нығайту.

«Бұл – ұлы ойшылдың шығармашылығы мен философиясына арналған шетелдегі тұңғыш институционалды орталық», – деп таратты министрлік.

Орталыққа келушілер Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен мол мұрасы туралы қазақ және қытай тілдерінде толық ақпарат ала алады. Сонымен бірге мұнда қазақ халқының ежелгі дәуірден бүгінге дейінгі мәдени даму кезеңдері туралы материалдар ұсынылады.

Қазақстанның ресми делегациясын Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова бастап барды.

Сондай-ақ оқыңыз