
Париждегі апелляциялық сот Францияның бұрынғы президенті Николя Саркозиді түрмеден босатты. Сот оның жазасын арнайы білезік тағып, бақылауда жүрумен алмастырды.
BFM TV ақпаратына сүйенсек, апелляциялық сот адвокаттардың өтінішімен экс-президенттің жазасын жеңілдетті. Яғни осыған дейінгі соттың 5 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешімін өзгертті. 70 жастағы 3 апта бойы Париж түрмесінде отырған еді.
70 жастағы Николя Саркози президенттік сайлауалды кампаниясын Ливия қаржыландырды деген айып бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылып, дереу қамауға алынған болатын. Бұл оқиға – Франция тарихында бұрынғы президенттің тұтқындалуымен байланысты тұңғыш жағдай. Қоғамда үлкен дау тудырды.
Саркози өз үкімімен келіспей, апелляцияға берді.