Жойқын тайфун: Филиппинде 1,4 миллионнан астам адам эвакуацияланды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Филиппинде желдің жылдамдығы – 185 км/сағ, ал екпіні 230 км/сағ-қа дейін жеткен / фото: euronews.com
Филиппинде желдің жылдамдығы – 185 км/сағ, ал екпіні 230 км/сағ-қа дейін жеткен / фото: euronews.com

Филиппинде Фунг-вонг атты алапат тайфун су тасқыны мен көшкін тудырып, тұтас провинцияларды жарықсыз қалдырды.  

СNN ақпаратына қарағанда, апат кем дегенде екі адамның өмірін қиды. Дауыл дүйсенбі күні Филиппин аумағынан шығып кетті.

Жергілікті тұрғындар Уван деп атайтын Фунг-вонг осыған дейін орталық аралдың бір бөлігінде шамамен 200 адамның өмірін қиған. Бұл Калмэги тайфунынан кейін келіп отыр. Ол кезде апаттан Вьетнамда бес адам өлген еді.

Азаматтық қорғаныс басқармасының мәліметінше, жексенбі кешінде жағалауға соққан тайфунның кесірінен шамамен 1,4 миллион адам эвакуацияланған. Фунг-вонг Лусон аралының жағалауындағы Диналунган муниципалитетіне соққы берген. Желдің жылдамдығы – 185 км/сағ, ал екпіні 230 км/сағ-қа дейін жеткен.

Филиппиннің метеорологиялық агенттігі PAGASA хабарлауынша, бүкіл архипелагты қамтыған дауыл түн ішінде әлсіреп, таулы солтүстік провинциялар мен ауыл шаруашылық жазықтарын басып өткен. Содан кейін Оңтүстік Қытай теңізі арқылы Тайвань бағытына қарай бет алған.

Мұның алдында Филиппиндегі «Калмаэги» тайфуны салдарынан 220 адам қаза тапқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз