
Қазан айында Алматыда жаңа тұрғын үй бағасы бірден 2,9%-ға қымбаттап кетті. Бұл соңғы жылдардағы ең көп айлық өсімдердің бірі.
DataHub сарапшыларының мәліметінше, мұндай күрт өсім өте сирек болады. Мәселен 2015 жылдың қаңтарынан бері тұрғын үй бағасының бірден өсіп кетуі жеті рет тіркелген.
Екінші нарықтағы үй бағасы
Екінші нарықта да бағаның айтарлықтай өсуі байқалады, қазан айында пәтерлердің бағасы қыркүйекпен салыстырғанда 2,1%-ға артты. Бұл сегменттегі орташа айлық өсім жыл басынан бері шамамен 2%-ды құрайды. Ал Алматыдағы жалдау ақысы 1,7%-ға қымбаттады. Бұл соңғы екі жылдың қазан айларындағы орташа көрсеткіштерден жоғары.
«Бұған дейін де бағаның қатты өскен кездері болғанымен, мұндай жоғары айлық өсімдер әлі де сирек құбылыс», – дейді DataHub сарапшылары.
Астанада пәтер жалдау құны өсті
Астанада керісінше, тұрақтылық байқалады: бастапқы және қайталама нарықтағы тұрғын үй бағасы өзгеріссіз қалды. Сарапшылар мұны бірнеше айға созылған белсенді өсімнен кейінгі уақытша үзіліспен байланыстырады. Сонымен қатар, елордада пәтер жалдау ақысы бір айда 0,5%-ға өскен. Бұл тұрақты сұраныстың сақталып отырғанын көрсетеді.
Айта кетейік, енді БЖЗҚ қаржысын ипотека жабу үшін пайдалануға болады.