
Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазан айында заңсыз айналымда 40 қару-жарақ барын анықтады.
Комитет полиция органдарымен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен Астана, Алматы қалаларында және тоғыз облыста қарудың заңсыз айналымын тоқтату бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіген.
«40 бірлік қару-жарақ тәркіленді: жаяу әскерлік отшашар, 4 Калашников автоматы, 12 тапанша, 23 мылтық, 5 граната және 800-ден астам оқ-дәрі. Көрсетілген фактілер бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде«, – делінген хабарламада.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Осыған дейін ҰҚК Қаңтар оқиғасында ұрланған кезекті қару-жарақтарды тәркілеген болатын.