Lifestyle

«Дәстүр: Теріс бата» фильмінің қашан шығатыны белгілі болды

Дәстүр 2 постер
Дәстүр 2 постер

Әйгілі «Дәстүр» франшизасының жалғасы  «Дәстүр: Теріс бата» фильмі 25 желтоқсанда үлкен прокатқа шығады. Туындыны Tolqyn Film Fund қоры қаржыландырған.

Фильмнің режиссері – көрерменге «5:32» сериалымен танылған Алишер Өтев, ал продюсерлер қатарында алғашқы бөлімнің авторлары Қуаныш Бейсек пен Алмас Жәлі бар. Алдияр Жапархан мен Фариза Ескермес басты рөлдерде ойнайды.

5 қыркүйекте фильм продюсерлері түсірілім алаңындағы кейбір кадрларды жариялаған. Ол жерден актерлер қатарынан Бақытжан Әлпейіс те көрінді. Әзірге, жобаның не туралы екені белгісіз.

Айта кетейік, 2023 жылы шыққан «Дәстүр» фильмі Қазақстан кино тарихындағы ең кассалық жобаға айналып, прокатта 2 млрд теңгеден астам табыс жинаған. Киногерлердің айтуынша, жаңа бөлім отандық киноиндустриядағы кезекті жарқын әрі креативті оқиға болмақ.