Дастан Сәтбаев Бельгияға қарсы ойында алаңға шықпауы мүмкін
Жарияланды
Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Дастан Сәтбаев жарақат алды. Бұл туралы бас бапкер Талғат Байсуфинов 1bol басылымына берген сұхбатында айтты.
Дастанның аздаған жарақаты бар. Қазір жеке бағдарлама бойынша жаттығып, қалпына келу үстінде, – деді Байсуфинов.
Айта кетсек, 15 қараша күні Қазақстан құрамасы Астанада Бельгиямен кездеседі. Қарсылас сапында Тибо Куртуа, Кевин Де Брёйне, Ромелу Лукаку сынды жұлдызды ойыншылар да жарақаттарына байланысты ойынға қатыса алмайды.