
Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Kursiv.Media-ға жекеменшік «Березка» балабақшасына жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижесімен бөлісті.
Әлеуметтік желідегі видеолар мен басқармалардан түскен шағым негізінде жекеменшік балабақшаға жоспардан тыс тексеру жүргізілген.
«Видеодағы бірнеше кемшіліктер расталды, анықталды. Бұл жерде кемшіліктердің басым бөлігі асхана немесе тамақтану жүйесінде құжаттардың дұрыс рәсімделмеуі немесе мүлдем рәсімделмеуінен», – дейді Шымкент қаласы Абай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Нұркен Сәрсенбаев.
Тексеру кезінде ондаған кемшілік анықталған. Мысалы, балабақшада медицина қызметкері мүлдем жоқ болып шыққан. Ас мәзірі жасалмаған. Сүртінділерден бактерия анықталған.
Анықталған кемшіліктерге қатысты әкімшілік хаттама түзіліп, балабақша құрылтайшысына 630 мың теңге (160 АЕК) , 3 қызметкерге 79 мың теңге (20АЕК) шамасында айыппұл салған. Қыркүйек айында бірнеше ата-ана балабақшаға барып, шу шығарған еді. Дау денесі көгеріп барған кіші топтағы тәрбиеленушінің ата-анасының бейнебақылау камерасын ашудан басталған.
Айта кетейік, «Березка» бөбекжай-балабақшасы 2020 жылдың тамыз айында ашылған. Онда 3 топта 72 бала тәрбиеленіп жатқан