Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Хорватияны ұтты
Жарияланды

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынында Хорватия жастар құрамасын жеңді, деп хабарлайды Kursiv.Sport.
«ЖЕҢІС! Қазақстан U17 құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңін жеңіспен бастады», – делінген Қазақстан футбол федерациясының хабарламасында.
Ақпаратқа сүйенсек, қазақстандық жастар Хорватияны 2:1 есебімен жеңген. Хорват қақпасына Ислам Рақым мен Расул Әкімов гол соққан. Жерлестеріміздің бұл 2025/2026 Еуропа чемпионатынің іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойыны болған. Матч Хорватияның Неделишче қаласындағы «Спортпарк Трате» стадионында өтті.