Жаңалықтар

«Хасан Қасымбаевтың кінәсі жоқ»: адвокаттар сот үкіміне шағым түсіреді

Қасымбаев сот үкіміне шағым түсіреді/фото: Шадияр Өстемір

12 жылға сотталған Хасан Қасымбаевтың адвокаттары сот үкіміне апелляциялық шағым түсіреді, деп хабарлайды KursivMedia.

Олардың сөзінше, тергеу органдары, прокуратура заңды ескермеген.

«Хасан Қасымбаевтың ешқандай кінәсі жоқ. Жәбірленуші Әріпжан Тажиев Қасымбаевқа ешқандай талап қойып отырған жоқ. Кешірім берді. Сот оны ескерген жоқ», – дейді адвокат.

Адвокаттар Қасымбаев ақталып шығуы қажет еді деп санайды. Жәбірленуші Әріпжан Тажиевке қатысты әрекет 2016 жылы жасалған. Жәбірленуші Арман Әлімовке қатысты іс 4 жыл бұрын болған.

Айта кетейік, «Хуторлық» деген атпен белгілі Хасан Қасымбаев 12 жылға сотталды.

Қасымбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі 20 тамызда басталды. Сотталушылар қатарында алты адам бар. Олар: Хасан Қасымбаев, Руслан Әлиев, Мадияр Қалимжанов, Сайлау Ақтанов, Нұрмұхамет Сұлтанбеков және Данияр Аскаров.

Оларға Қылмыстық кодекстің үш бабы – адам ұрлау, қасақана ауыр дене жарақатын келтіру, қорқытып алу әрекетін жасады деген айып тағылған. Қасымбаев үш бап бойынша да кінәлі деп танылды.